АҚШ-тың Балтимор қаласында атыстан 2 адам қаза тапты

АҚШ-тың Балтимор қаласында кешкі ойын-сауық кезінде жағалай оқ атылып 2 адам көз жұмды.

28-і жарақат алған. Үшеуінің жағдайы ауыр. Әзірге ешкім ұсталған жоқ. Полиция өкілдерінің айтуынша, қаскөй адамдарға бейберекет оқ атқан соң қылмыс орнынан із суытқан. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Атыстың не себепті басталғаны белгісіз.