Бельгияда құм мүсіндер фестивалі ашылды

Сусып қолға тұрмайтын құмнан да талай дүние жасауға болады екен.

Солтүстік теңіздің Бельгия жағалауында «құм мүсіндер» фестивалі ашылды.

Шеберлер мұнда ертегі кейіпкерлерін сомдаған. Бұған әсіресе кішкентай көрермендер мәз. Бельгиядағы тілшіміз Жанат Эрнст баяндасын.

Жанат Эрнст, тілші:

Еуропаның түкпір-түкпірінен келген 25 әйгілі мүсінші Солтүстік теңіздің бельгиялық жағалауында елюден астам  мүсін жасады. Ол үшін мұнда 6 мың  + тоннадан астам арнайы құм  жеткізілді. Ашық аспан астында 5 мың шаршы метр аумаққа құмнан жасалған жиырмадан астам ертегі кейіпкерлері көпшілік назарына ұсынылды. 

Мидделкерке жағажайындағы құм мүсіндер фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Алайда пандемия кезінде уақытша тоқтап қалды.Биылғы шара үлкен үзілістен кейін кейін жасалып жаьыр. Сондықтан көрмеге деген қызығушылық жоғары. 

Петер Монбалё, фестиваль ұйымдастырушысы:

- Биылғы фестивальдің тақырыбы - ертегілер. Біз әр түрлі ертегілерден 50-ге жуық фигураларды тұрғыздық: Кішкентай су перісі, Ханшайым мен Бақа, Үлкен құм сарайлары да бар. Сондай-ақ биылғы жаңалығымыз мұнда ертегі кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар бар. Бұл бүкіл отбасы көре алатын көңілді және түрлі-түсті шоу. 

Фестивальдің биылғы жаңалығы ұйымдастурышлардың әр мүсін туралы жеке әңгіме айтатын интерактивті аудионы енгізгені болды.

Стефан, фестиваль қонағы:

- Мұның бәрін құммен ғана тұрғыза алғаны таңқалдырды. Өте керемет! Әрбір кейіпкерге арналған аудионы әйгілі комедиялар жазып алған, және  ертегі кейіпкерлерінің тарихын тыңдау мүмкіндігі бар. 

Джессика, фестиваль қонағы:

- Балалар өте риза. Оларға ұнайды кішкентайлар  ертегі кейпкерлерің барлығың таниды. Мұнда бәрі өте жақсы жасалған, мүсіндер өте әсерлі!

БЛИЦ:

- Барлық мүсіндер өте үлкен! Мен бұл құм мүсіндердің биіктігіне қатты таң қалдым!

- Мен мұнда Ұйқыдағы сұлуды таныдым және қатты ұнаттым! 

Жанат Эрнст, тілші: 

- Құм мүсіндері фестивалі қыркүйектің онына дейін жалғасады.Ұйымдастырушылардың айтуынша көрмені 100 мыннаң астам турист тамашаламақ.

Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов