Қытайдың оңтүстік-батысында су тасқыны болды

Аньхой провинциясы мен Чун-цин қаласында қазір жағдай қиын.

Кей аудандарда лай көшкіні жүріп жатыр. Өңірлерде жаппай эвакуация жұмыстары өтуде. Әзірге зардап шеккендер туралы  ақпарат түскен жоқ. Синоптиктер жауын-шашын алдағы күндері де жалғасады деген болжам жасап отыр. Жергілікті билік, тұрғындарға алыс жолға шықпауға, сақ болуға ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда қолайсыз ауа-райы туралы ескертулердің төрт деңгейі бар, онда қауіптің ең жоғары деңгейі қызыл түспен, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түспен белгіленеді. Қазір елде қауіптің "сары түсі" жарияланды.