Домбыра үнін Анадолы халқы сүйіп тыңдайды

Домбыра үнін Анадолы халқы сүйіп тыңдайды

Қазақтың асыл қазынасы- ұлттық аспабынан шыққан әуезді күйді Анадолы халқы да сүйіп тыңдайды.

Бауырлас елдегі саяси науқандарда күмбірлеген домбыра үнін естисіз.

Тіпті мұндағы ең ірі футбол командаларының бірі әнұранына домбыра әуенін қосқан.

Реджеп Тайип Ердоған, САЙЛАУ НАУҚАНЫНЫҢ РЕСМИ ӘНІ //2014 seçim kampanyası şarkısı// Uğur Işılak- Erdoğan dinleyişi, halk 

Домбыраның үні түрік жұрты үшін таңсық емес. Түбі бір түркінің ең ежелгі музыкалық аспаптарының бірі маңызды шаралардың әнұранына айналған. Мәселен, 2014 жылы Түркиядағы президенттік сайлауалды науқанның ресми әні де домбырамен сүйемелденді. Сол күннен бергі барлық саяси додаларда қос ішекті, көп пернелі аспаптың үні қолданылады.

САЙЛАУ КӨЛІКТЕРІНІҢ ДОМБЫРА ӘНІМЕН КӨШЕ АРАЛАУЫ 

Соңғы кезде шығып жатқан тарихи телехикаялар саундтрегінде домбыраның үні жиі шығатын болған. Түрік сериалдары әлемдік экспорттың көшбасшысына айналғанын ескерсек бұл қасиетті аспапқа деген үлкен қолау екені белгілі.

«ОСМАН» СЕРИАЛЫ, МУЗЫКАСЫ KURULUŞ OSMAN JENERIK MÜZIĞI (dombra) 

Футбол десе ішкен асын жерге қоятын түрік ағайын, елдің ең ірі футбол командасы 2013 жылғы жанкүйерлер маршында домбыраны таңдаған. Ән шумақтары «шабуылда даңқты қанар бұлбұлы- Фенербахче» делінген.

SALDIR ŞANLI KANARYA FENERBAHÇE, FENERBAHÇE  

Анадолыда домбыраға әсіресе жастар қызығады. Олар білім алуға келген қазақ жастарынан, қалғандары ғаламтор арқылы үйреніп жүр. Осыдан екі жыл бұрын Түркияның түпкір түпкірінен 50-ден астам музыкант домбыра күніне Анкарадан арнайы тарту жолдаған болатын.