АҚШ-тың кей өңірлерінде жауын-шашын мөлшерден көп түсіп жатыр

АҚШ-тың кей өңірлерінде жауын-шашын мөлшерден көп түсіп жатыр

Чикаго көшелерін су басып, көліктер жүре алмай тұрып қалды.

Қазір оларды шығару үшін тұрғындар эвакуаторлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ұлттық метеорология қызметі, алдағы күндері де жауын-шашын көп түсуі ықтимал дейді. Билік өкілдері тұрғындарға сақ болып, көлік қозғалысын шектеуге шақырады. Күн райының қолайсыздығынан ірі спорттық шара – “Чикаго Кабс” клубының ойыны кейінге шегерілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жапонияда рекордттық деңгейде жауын-шашын түсті

Жапонияның Ямагути өңірінде рекордттық деңгейде жауын-шашын түсті. Бірнеше қалашық су астында қалды. Соңғы деректерге қарағанда, бір адам көз жұмған. Ер адам су басқан көлігінен шыға алмай қалғаны анықталды. Тағы екі  тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мына кадрларда Саньо-Онода қаласындағы Аса өзенінің арнадан шығып кеткенін көруге болады. Ямагути префектурасында бір тәулікте 300 мм-ге жуық жауын-шашын түскен. Мамандар бұл өңір үшін өте көп деп отыр. Тұрғындар болса, мұндай жағдайды бұрын көрмедік деп отыр.