Франциядағы ЛЭ-ле-Роз қаласының мэріне шабуыл жасалды
Францияда алты күн қатарынан ереуілдер тыйылмай тұр.
Ашуға ерік берген халық ЛЭ-ле-Роз қаласының мэріне шабуыл жасады. Ереуілшілер үйінің ауласына басып кіріп, көлікті өртеп жіберген. Оқиға кезінде қала басшысының әйелі мен баласы зардап шекті. Бұл туралы Венсан Жанбрун Твиттерде жазды. Ел астанасы Париж бен Марсель қалаларында тәртіпсіздіктер белең алды. Полицияның мәліметтері бойынша, қақтығыстардан 1300-ден астам адам қамауға алынған. Олардың көбі кәмелеттік жасқа толмағандар. 80-ге жуық полиция қызметкері зардап шекті. 10-нан астам сауда орталығы тоналып, жүздеген дүкен мен кеңсе қираған. Ереуілдерді басу үшін 45 мыңдай құқық қорғаушы жұмылдырылған. Жаппай қақтығыстарға Нантер қаласындағы 17 жастағы жасөпірімнің өлімі себеп болды.