Бейжіңдегі аптап ыстықтан жануарлар зардап шекті

Бейжіңдегі аптап ыстықтан хайуанаттар бағындағы жануарлар қиналып жатыр.

Жұмысшылар оларды ыстықтан аман алып қалу үшін оларға су шашып, мұз беріп, желдеткіштерді іске қосты. Саябақ жануарларының ас мәзірі де өзгерді. Қазір шырынды жидектер және мұзды жемістерге басымдық беріліп жатыр. Кейбірлеріне тіпті арнайы бассейндер құрылып, күн шатырлары тұрғызылды. Қызметкерлердің айтуынша, қолға алынған шаралар жануарларды ыстықтан аман алып қалуға жәрдемдесуі тиіс.