Түркия жағалауында 84 заңсыз мигрант құтқарылды

Ауғанстаннан бет алған босқындар алыс жолды резеңке қайықтың көмегімен еңсерген.

Сөйтіп, Эгей теңізі, Чанаккале провинциясының жағалауына дейін жеткен. "Тиісті процедуралардан өткеннен кейін барлық заңсыз мигрант жергілікті көші-қон басқармасына жеткізілді", - дейді Түркия тарапы.