Канар аралдарында 65 мигрант құтқарылды
Испания күзеті босқындар кемесін ұстап, ол жерде бір адамның опат болғанын анықтаған.
Тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Еуропаға бағыт алған азаматтардың барлығының құжаты жоқ болып шықты. Бұған дейін бортында 50 шақты босқыны бар кеме құрдымға кеткен еді. Сол жерде 4-ақ адам құтқарылған. Испания үкіметінің деректеріне көз жүгіртсек, соңғы 5 айда Канар аралдарына 4 мың 400 босқын келген.