ЮНЕСКО-да шай күні аталып өтті

Әлемде ең танымал сусынның өз мерекесі бар.

ЮНЕСКО шатб пәтерінде биыл бұл мереке осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шараға біздің еліміз алғаш рет қатысты.

Дүниежүзінде әр секунд сайын 130 келі шай өндіріледі. Ең танымал сусынға сұраныс жыл сайын артып келеді. Көп елдің салт-дәстүрімен ұштасқан  шай мәдениеті бір жыл бұрын адамзаттың материалды емес мұрасы деп танылды. Содан бері ЮНЕСКО штаб-пәтерінде шай күні аталып өтеді.

Мариетта Бантчев, ЮНЕСКО қоғамы қауымдастығының президенті:

- Еуропада шай мәдениеті кенже қалған десе болады. Мұнда адамдар шайды көбіне тек ауырған кезде ішеді. Жай уақытта оны демдеп, дәмі мен хош иісінен рахат алу сияқты дәстүр жоқ. Біз осыны өзгерткіміз кледі.  

Халықаралық ұйым қабырғасында өткен шараға негізінен қытай камелиясын өсіретін елдердің өкілдері жиналды. Дүниежүзінде шайды көп өндіретін де осы мемлекеттер. Солардың бірі - Кения. Бұл елдің тұрғындары жайға жан сыйлайтын сусында сүт қатып ішкенді ұнатады.

Эва Майна, ЮНЕСКО-дағы Кения тұрақты өкілінің орынбасары:

- Кенияда кез келген үйге қонаққа барсаңыз сізге ең алдымен шайға шақырады. Жергілікті тілде Карибу шай дейді.

Цейлонда көбіне жоғары сұрыпты шай өндіруге ден қойылған. Осы себепті өндірістік алқаптардан алынатын өнімнен көрі жеке шаруашылықтардың сұрыпы жоғары бағаланады. Әлемде де осы үрдіс күшейіп келеді.

Маниша Гунасекера, ЮНЕСКО-дағы Шри-Ланканың тұрақты өкілі:

- Бұл шарап сияқты. Тпті оны бір ерекше өнер деп қарастыруға болады. Мысалы Шри-Ланкада олар қандай биік жотада өсірілгеніне қарай ерекшеленеді. Шарап сияқты шайдың дәмін татушы арнайы мамандар бар.

Әлемде ірі шай өндірушілердің арасына Индонезияны жатқызуға болады. Мұнда әсіресе қара шай құнды. Ал Қазақстан бүгінгі салтанатты шараға алғаш рет қатысып отыр. Біздің елде ол өндірілмегенмен халықтың ең көп ішетін сусыны саналады.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Руслан Омиржан