Филадельфияда біреу төрт адамды атып тастады
АҚШ-тың Филадельфия штатында бәзбіреу адамдарға жаппай оқ жаудырды.
Оқыс оқиға салдарынан 4 тұрғын көз жұмды, тағы бірнешеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Зардап шеккендердің халі мүшкіл", - дейді дәрігерлер. Полиция деректері бойынша, 1 күдікті ұсталды. Тағы бір айта кетерлігі, атыс басталған кезде алғаш оқ жаудырған азаматқа тағы бір тұрғын қарсы оқ атқан. Қазір ол да тұтқынға алынды. Әзірге екеуінің де аты-жөндері жария етілмейді. Ал штат билігі қару ұстауға қатысты заңды қатаңдату керектігін тағы көтеріп отыр.
Даниель Аутлоу, Филадельфия полициясының комиссары:
- Қазір біз негізгі күдікті мен оған оқ атқан адамның арасында қандай байланыс барын анықтап жатырмыз. Екеуі де қамауға алынды. Тергеу басталды. Оқиға орнында үш тапанша мен бір мылтық тәркіленді.