«Эль-Ниньо» құбылысы қайта күшейді

7 жылдық үзілістен соң Жер шарының температурасы жоғарылап, тропикалық циклондар, нөсер жауын мен су тасқыны, құрғақшылық пен орман өрті қайта өршуі мүмкін.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының мамандары мұны «Эль-Ниньо» климаттық құбылысы деп атайды. Ол Тынық мұхитында пайда болып, қайталанып тұрады екен.

Эль-Ниньо табиғи құбылысы алғаш рет ХVІІІ ғасырда анықталған. Бірақ ғалымдар табиғи құбылысты әлі күнге дейін толық зерттей алмай жүр.  Белгілісі, биыл Эль-Ниньо қайта күшіне енгендіктен, жаһандық температура күрт көтерілуі мүмкін.