Кубада 100 мыңнан астам тұрғын сусыз қалды

Куба астанасы Гаванада тозығы жеткен құбыр істен шығып, 100 мыңнан астам тұрғын сусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикасы онсыз да шатқаяқтап тұрған Кубадағы жағдай одан сайын шиеленесті. Өйткені АҚШ-тың қатаң санкцияларынан елдің жағдайы нашарлап кеткен. Өзге түйткілдерге ауызсу мәселесі де қосылды.

Мегалис Кортес, тұрғын:

- Біз бір сорғы жүйесін көп жылдар бойы қолдандық. Енді ол шіріп кетті. Бұл мәселеге бас қатырып жатқан билік те жоқ. Біздің жағдайымыз ешкімді алаңдатпайды. Ал енді өзіңіз сусыз өмір сүріп көріңізші?! Жағдайымыз қиын.

 

600 ауданда ауызсу тапшы

Ал Мексиканың Тихуана штатында 600 аудан сусыз қалды. Яғни, штаттың тең жартысында су жоқ. Қалған аудандардың тұрғындары суды үзіліспен тұтынады. Ескі инфрақұрылым және климаттық өзгерістер су тапшылығына әсер еткен. Жалпы аталған штатта 2 миллионға жуық адам тұрады.