Израиль-Палестина қақтығысынан 10 палестиналық қаза тапты

Батыс жағалаудағы Израиль-Палестина қақтығысынан 10 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды. Сарапшылар қақтығыс жақын арада аяқталады деп болжап отыр. Өйткені Беньямин Нетаньяхудың көмекшісі Джениндегі операция аяқталуға жақын деп мәлімдеді.

3 шілдеде басталған бұл жолғы шиеліністі Израиль тарапы «лаңкестік әрекетке қарсы әскери операция» деп атады. Олар Дженинде лаңкестік топ қару сақтап отыр деп есептейді. Ал Палестина Денсаулық сақтау министрлігі атыстан 100-ге жуық адам жараланды, оның 20-сы ауыр халде деп мәлімдеді.