Қытайда нөсер соңы су тасқынына ұласты
Әсіресе елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясы қатты зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екпінді су үйлерді шайып кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Белгілісі, аймақта төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Қытай метеорологиялық агенттігі жауын-шашын әлі бірнеше тәулікке жалғасады, дейді.
Айта кетерлігі, осы жазда Қытайда 189 өзен арнасынан асқан.