Техаста атыстан 3 адам қаза болды
АҚШ-та тағы атыс.
Бұл жолы Техас штатында 3 адам қаза тауып, 8-і түрлі жарақат алған. Қайғылы оқиға Форт-Уэрт қалашығында болды. АҚШ-тың Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өтіп жатқан фестиваль кезінде белгісіз біреу жиналғандарға оқ атқан. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Бұл – АҚШ-та осы жылдың 6 айында болған 346-шы жаппай ату оқиғасы. Күні кеше Филадельфия штатында да атыс-шабыс болып 5 адам қайтыс болған еді.
Шон Мюррей, Форт-Уорт полициясының қызметкері:
- Оқиға орнында 10 жараланған адам анықталды, бір адам сол жерде қайтыс болды. Тағы екеуі ауруханаға бара жатып көз жұмды. Зардап шеккендердің кейбірі ауыр халде жатыр.