Перуде Убинас жанартауынан қауіп төнді
Перуде Убинас жанартауынан атқылаған күл 5 мың 500 метрге жетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір зиянды заттар ауаға тарап, екпінді желмен өңірдің оңтүстік және шығыс бөлігіне жайылып барады. Жанартау маңында 2 мыңға жуық тұрғын эвакуациялануы мүмкін. Қазір Мокегуа аймағында қауіпсіздік күшейтілді. Соңғы рет Убинас жанартауы 2019 жылы белсенді болған. Сол кезде жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының барлығы эвакуациланған еді. Жалпы Перуде ондаған белсенді жанартау бар. Сондай-ақ мемлекет Тынық мұхитының шеңберінде орналасқандықтан, елде жер сілкінісі жиі болып тұрады.