Ресейде орман өрті қайта басталды

Қиыр Шығыстағы Якутия қызыл жалынның астында қалып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апатқа аптап ыстық пен кенеттен жаңбыр жауып, найзағайдың соғуы себеп болуы мүмкін. Соңғы деректерге сәйкес аймақ бойынша 110 өрт ошағы тіркелді. Тілсіз жау 61 мың гектар аумақты шарпыды. Қазір өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Жалпы тілсіз жау Сібір мен Қиыр Шығыста жыл сайын күшейеді. Бұл аймақтарға өрт сөндірушілерге ауыр техникамен жету қиын болғандықтан, от қарқынды тарап кетеді, - дейді мамандар. Қазір лаулаған жалынмен күресуге  ондаған өрт сөндіруші жұмылдырылып отыр.