Қытай сирек кездесетін металдарды экспорттауға шектеу қойды
Мұндай шешімге АҚШ-пен арадағы сауда тартысының күшеюі түрткі болды.
Негізінен чип, микросхема өндіруге қолданылатын элементтер сатылымына тыйым салынған. Енді жаңа ережеге сәйкес экспорттаушы компаниялар арнайы лицензия алуы тиіс. Жергілікті билік мұны ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шара деп түсіндіріп отыр.
Қытай – сирек кездесетін металлға бай елдердің бірі. Әлем елдері оны қорғаныс күштері құралдарына кеңінен пайдаланады. Осылайша, Қытай АҚШ-тан технологиялық және әскери жағынан басым тұруды көздейді.
Айта кету керек, бұған дейін Вашингтон да Қытайға экспорт көлемін қысқартқан болатын.