Мексикада 2,5 тонна есірткі тәркіленді

Жергілікті әскери-теңіз күштері порттардың бірінен кокаинге лық толы қайық тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі тасымалдаушылар полициядан қашып құтылды. Арнайы операция 7 сағатқа созылды. Экипаж мүшелерін іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы Мексикада 2006 жылдан бері ескірткі саудагерлерімен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Қарсылық кезінде 300 мың адам көз жұмыпты.