Үндістанда таудан тас домалады

Үндістанның шығысында тас көшіп, 2 адам опат болды.

Көліктің видеотіркеуіне оқиғаның қалай болғаны жазылып қалыпты. Тау басынан домалаған тастар жолаушылар көлігіне құлаған. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Соққының күшті болғаны соншалық - автомобильдер әп-сәтте қағаз құсап умаждалып қалған. Аймақта қазір де жауын сіркіреп тұр. Сол себепті тағы да тас көше ме деген қауіп бар.