Қытайдың Чунцин қаласында су тасқыны кезінде 15 адам көз жұмды

Қытайдың Чунцин қаласында су тасқыны кезінде 15 адам көз жұмды

Тағы 4 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

ССTV таратқан видеода, бірнеше ғимарат топан су астында қалғанын көруге болады. Қазір аймақта  төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік елде апатпен күресу үшін және инфрақұрылымды қалыпқа келтіру мақсатында 44,2 млн доллар қаражат бөлді. Мемлекет басшысы Си Цзиньпин тұрғындардың қауіпсіздігі мен олардың жеке мүліктерін сақтап қалуды басты назарда ұстау керектігін айтты.