Анкарада «Абылай хан мен батырлары» атты кітаптың таныстырылымы өтті
Баянғали Әлімжановтың туындысы алғаш рет түрік тілінде жарық көрді.
Тұсау кесер шарасы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдастырылды.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Абылай хан мен батырлары кітабы халық арасынан шыққан аңыз- әңгімелерге негізделген. Шоқан, Шәкәрім, мәшһүр Жүсіп секілді қазақтың біртуар тұлғаларының да әңгімелерінің орын алған туындыда Сабалақты ер жетіп, Абылай хан тұлғасының қалыптасуы түрлі иллюстрациямен түсіндірілген.
Шараны Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырған. Оған түріктің қоғам қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен Түркияда өмір сүретін қазақтар қатысты. Бұл кітап бұған дейін бірнеше тілге аударылған. Туындының түрік тілінде жарық көруінің мәні бөлек дейді, кітап авторы.
Баянғали Әлімжанов, кітап авторы:
- Түрік тілiне аударылуын мәнісі үлкен. Кітап шығарылғаннан кейін түрік азаматтары айтты: мұны бүкіл түріктің баласы оқу керек деп. Мен үшін аса зор баға. Түрік жазушыларынан мұны есіту үлкен баға деп ойлаймын және бұл сөздің жаны бар. Себебі бұл таза қазақтың ғасырлар бойы атадан балаға мұра қылып, айтып келген аңызы. Сол әдеми көркем- шығарма повесть ретінде бірігіп, дүниеге келуі.
Кітапқа 26 түрлі иллюстрациялық сурет енген. Повестті туыстас халықтың тіліне тәржімалаған түріктің белгілі түркологы, доктор Ашур Өздемир. Жуырда автор тағы бірнеше туындысын бауырлас халық оқырмандарына тарту етуді көздеп отыр.
Ашур Өздемир, жазушы:
- Кітап, әсіресе жас ар үшін маңызды. Тарих мен туыстас жұртты тануда таптырмас әдебиет. Туындыны шамамен бір айда аударып, қазақ тілін білмейтін жандарға оқыттым. Не түсінді, қалай жазылды деп пікір алдым. Қазақтардың тап осы кезеңдегі тарихы бойынша кітаптар кемде кем. Сондықтан, жетіден жетпіске дейінгі оқырмандардың назарын аударады деп ойлаймын.
«Абылай хан мен батырлары» кітабының түрік тіліндегі нұсқасы 3,5 мың тиражбен жарық көрді. Оның басым бөлігі елдегі кітапханалар мен түркологтарға үлестіріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бұл сан артуы мүмкін.