Израильде 20 мың адам ереуілге шықты

Израильде жағдай тұрақсыз. Тель-Авив тұрғындарынан бірнеше тәулік бойы ұйқы қашты.

Шаһарда өткен түні наразылық шарасына 20 мың адам шыққан. Жағдайдың ушығуына қала полициясының басшысы – Ами Эшедтің қызметтен кетуі себеп болды. Құқық қорғаушылардың жетекшісі бұл қадамын ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың оның жұмысына араласуына байланысты екенін айтқан. Мемлекет басшысы ереуілдерді басу үшін заңсыз әрекеттер жасауға итермелеген. Қарсылық акциясына қатысушылар бұл жағдай еліміздің демократиясына нұқсан келтіреді дейді.

Айта кету керек, Иразильде халық наразылығы былтырдан бері басылмай келеді.Тұрғындар ірі қалаларда күре жолдарды жауып, дөңгелектерді өртеп, көлік қозғалысына кедергі келтірген.