Африкаға безгекке қарсы 18 млн доза екпе беріледі
Халықаралық вакцина альянсы алдағы 2 жыл ішінде Африканың 12 еліне безгекке қарсы салынатын 18 миллион доза екпе жеткізеді.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Бұл жоба ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесе іске аспақ. Мамандар соңғы жылдары ауа райының қатты өзгеріп, безгектің ушығып отырғанын алға тартады. Жыл сайын бұл індеттен жарты миллионға жуық бала көз жұмады екен. Былтыр өлім-жітімнің 96 пайызы Африкада тіркелген. Жалпы вакцинаны алуға "қара құрлықтың" 28 елі ниет білдірген.