Францияда ата-аналарға қойылатын талап күшейтіледі
Францияда соңғы күндері болған тәрсіпсіздіктерден кейін ата-аналарға қойылатын талап күшейтілгелі жатыр.
Бүлік кезінде қамауға алынған 3 жарым мың адамның 30 пайызының жасы кәмелетке толмаған жеткіншектер болып шықты. Енді сенаторлар тәртіпсіздікке қатысқан жасөспірімдер үшін олардың ата-анасын жазалау мәселесін көтерді. Осы тұрғыда толық қылмыстық жауапкершілік жасын 18-ден 16-ға төмендету қарастырылған. Сондай-ақ қылмыс жасаған балалардың отбасына жәрдемақы беруді тоқтату ұсынылды.
Оливье Веран, Франция үкіметінің ресми өкілі:
- Республика президенті жағдайға қысқа мерзімде ашық талдау жасауды тапсырды. Бұл жеткеншіктердің кім екендігі, қандай отбасында өсіп жатқандығы, қайда оқитындығы жан-жақты сарапталады. Көшеге шығып, басбұзарлық жасаған балалардың көбі өз іс-әрекетінің салдарын түсінбейтін сияқты. Ата-ана желкілдеп өсіп келе жатқан перзентін тәртіпсіздіктер кезінде түн ортасында далаға шығармауы керек.
Эрик Дюпон-Моретти, Францияның Әділет министрі:
- Негізі ата-аналардың балаларды бүлікке араластырмауға шамасы жетеді, бірақ бұған өздері құлықты емес. Көшеде түнгі 12-ден кейін жүру - дұрыс емес. Ата-аналарға өз міндетін еске салатын нұсқаулық шығардым.