Елорда күніне орай жан-жақтан құттықтаулар келіп түсіп жатыр
Варшава – Астанамен тікелей әуе байланысы бар Еуропадағы санаулы қалалардың бірі.
Рейс 2017 жылы «ЭКСПО» ұйымдастырылған тұста іске қосылған. Польшаның ұлттық павильонының комиссары Анджея Стефаньскийдің пікірінше, Астананы дәл осы халықаралық көрме танымал ете түсті. Ол Қазақстанда өткен әлемдік деңгейдегі шараны әлі күнге дейін таңданыспен еске алады.
Анджей Стефаньский, Польша ұлттық павильонының комиссары:
- Астананың ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтаймын! Мен Астанада алғаш рет 2009 жылы болғам. Бұл қала заманауи ерекше сәулетімен бірден баурап алды. Әсіресе «ЭКСПО» халықаралық көрмесі өткен уақытта жиі бардым. Польша бұл іс-шараға белсенді қатысты. Көрме өте жоғары деңгейде өтті. Астана біз үшін маңызды мемлекеттің бас қаласы ғана емес, бейбіт келіссөздер мен әлемдік деңгейдегі іс-шара өткізілетін платформаға айналып отыр. Бір ғана Астана экономикалық форумының өтуі – нақты дәлел.