Нью-Йорктегі ірі жол апаты салдарынан 81 адам зардап шекті

Нью-Йоркте екі автобус соқтығысты.

Ірі жол апаты салдарынан 81 адам зардап шекті. Олардың 20 шақтысы ауыр жарақатпен ауруханаға түссе,  қалғандары жеңіл-желпі жарақат алған. Апаттық жағдай Манхэттенің орталығында болды. Күәгерлердің айтуынша, екі қабатты туристік автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жолаушылар көлігіне соғылған. Әзірге жүргізушінің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Тергеу жүріп  жатыр.