Оңтүстік Кореяда теңіз өнімдері жиі тексеріле бастады
Оңтүстік Кореяның балық базарларында теңіз өнімдерінде радиацияның бар-жоғы қайта-қайта тексеріліп жатыр.
Бұл шараны шұғыл қолға алуға Жапониядағы "Фукусима-1" атом электр станциясының реакторларындағы суды мұхитқа ағызу жоспары себеп. Осыған байланысты Сеулдегі үнемі адам қаптап жүретін Норянджин базары босап қалды. Кәсіпкерлер тауар келмей жатыр деп шағымданып әлек.
Естеріңізге сала кетейік, МАГАТЭ осы аптада Жапония билігінің атом электр станциясындағы апаттан кейін жиналған лас суды Тынық мұхитына жіберу жоспарын мақұлдаған болатын. Агенттік бұл шара адам денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтірмейтінін мәлімдеді.
Пак Гиль-Сон, балық базарының қызметкері:
- Радиацияға байланысты тексерісті біз 2014 жылдан бері аптасына 3 рет жүргізіп келеміз. Енді жұмысына 5 рет жүргізуді қолға алдық. Өйткені Жапонияның әрекеті біздің сатып алушыларды қатты алаңдатып отыр.