АҚШ химиялық қаруды толық жойды – Байден
Президент Джо Байден АҚШ химиялық қаруды толық жойғанын мәлімдеді.
Бұл туралы ақпар Ақ үйдің сайтында жарияланды. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым да мәліметті растады. Дерекке сүйенсек, Америкада бұл игі бастама 1990 жылдары басталып, 30 жылға созылды. АҚШ осы қаруға тыйым салу туралы конвенцияға қатысушы елдер ішінде ең ірі арсеналы бар мемлекет еді. Алайда конвенцияға Мысыр, Солтүстік Корея және Оңтүстік Судан әлі қол қойған жоқ.