Әлемде бидай өндірісі рекордты деңгейге жетті
Биыл әлемде бидай өндірісі 2,8 миллиард тоннаға жетуі мүмкін.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәлімдеуінше, бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұған дүние жүзінде астықты жинап, оны сақтау жағдайының жақсаруы ықпал еткен. Әсіресе Еуропалық Одақ, Канада, Түркия және Қазақстанда өнім мол болады деген болжам бар. Әрі Аргентина мен Бразилияда егіннің бітік шығуы да оң әсер етіп отыр. Оның нәтижесі қазірдің өзінде байқалуда. Соңғы бір айда әлемдік нарықта дәнді дақылдар құны 2 процентке арзандаған.