Сребреница қырғынын еске алушылар босниялық мұсылмандар қашқан жолмен жүріп өтті
Боснияның шығысында 1995 жылы Сребреница қаласындағы қырғынды еске алу шеруі өтті.
Шараға 4 мыңға жуық адам қатысты. Алаңға жиналғандар босниялық мұсылмандардың шаһарды қоршауға алған сербтерден қашқан жолымен жүріп өтті. Қанды қырғын кезінде 8 мың бейбіт тұрғын қаза болған еді. Ал 1992 жылы Югославияның бөлінуінен кейін басталған соғыстан Боснияда 100 мың адам көз жұмды.
-Мен қақтығыс құрбандарын еске алып, рухына тағзым ету үшін келдім. Қырғын кезінде бауырым мен достарымнан айырылдым. Біз мұндай бассыздықтың қайталануына жол бермес үшін қаралы күнді ұмытпауымыз керек.