Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Елдегі 10 мың 800-ге жуық учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.

Саяси додаға 4 кандидат түсті. Соның бірі қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёв, қалған үміткерлер тізімінде екі партия жетекшісі мен жоғарғы соттың экс-төрағасы бар. Олар - Ұлықбек Иноятов, Әбдішүкір Хамзаев және Робохон Махмұдова. Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі, жеңіске жеткен кандидат 7 жылдық мандатқа ие болады. Одан кейін тағы бір мәрте саяси бағын сынап көре алады. Көрші елде президент сайлауы соңғы рет 2021 жылы өткен. Онда Шавкат Мирзиёев халықтың басым қолдауына ие болып, мемлекет басшысы атанды. Ал таяуда өткен конституциялық өзгерістерден кейін президенттік өкілеттілік қайта нөлге теңестіріліп, кезектен тыс науқан жарияланды.

Зайниддин Низамқожаев, Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Ел бойынша 14 сайлау округі құрылды. Дауыс берушілердің саны 19 млн 593 мыңнан асады. Шетелдегі отандастарымыз алдын ала таңдауын жасады. Науқан барысына шетелдік байқаушылар жоғары бағасын берді. Ешбір кандидаттың құқығы бұзылмады. Тең дәрежеде жағдай жасалды.