Латвияның жаңа сайланған президенті қызметіне кірісті

Ресми ұлықтау рәсімінен кейін Эдгар Ринкевичке президенттік резиденция - Рига сарайының кілті табысталды.

31 мамырда өткен президент сайлауында елдің Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Ринкевич жеңіске жетті. Ол - 1991 жылы тәуелсіздік алған Латвияның жетінші президенті.