АҚШ-та ұшақ апатынан 6 адам қаза тапты
Калифорниядағы Френч-Вэлли әуежайына жақын маңда бизнес-джет апатқа ұшырап, өртеніп кетті.
Елдің ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі, тергеу амалдарын бастады. Бұл - осы аптада дәл осы әуежай маңында тіркелген екінші апат. Бұған дейін әуе кемесі құлап, ұшқыш қаза тапқан еді.
Эллиотт Симпсон, АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің тергеушісі:
- Апат болған уақытта Лас-Вегастан Френч-Вэлли әуежайына бір ғана бизнес-джет ұшқан. Әуе кемесі ұшу-қону жолағын дұрыс дәлдемегендіктен, апатқа ұшырады. Оның көп бөлігі өртеніп кетті.