Үндістанда су тасқынынан 7 адам опат болды
Үндістанның солтүстігінде нөсер жаңбыр соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан 7 адам қаза тапты. Ал ел астанасы Делиде жауған жауын-шашын көрсеткіші 126 миллиметрден асты. Яғни, шілде айына тиесілі мөлшердің тең жартысы бірнеше тәуліктің ішінде жауған. Ақ нөсер автомобильдер мен пойыздардың қозғалысын қиындатты. Кейбір штатта электр қуаты істен шықты. Жергілікті билік алдағы бірнеше тәулік ауа райының қолайсыздығы салдарынан тұрғындардан үйде қалуды сұрайды.