Гватемалада халық сайлау нәтижесін талап етті
Гватемалада 300-ге жуық тұрғын сайлаудың нәтижесін талап етіп, наразылыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде 25 маусымда президент сайлауы өткен. Алайда конституциялық сот өткен аптада дауыс санын жариялауға тыйым салды. Жергілікті жұрт өз құқықтарын сыйлауды талап етіп, жоғарғы сайлау трибуналының штаб-пәтеріне барды.
Айта кетерлігі, басты бәсеке бұрынғы бірінші ханым Сандра Торрес пен жемқорлықпен күресіп жүрген кандидат Фернандо Аревало арасында өтті. Алдын-ала нәтижелерге сәйкес Аревало жеңіске жетіп тұр. Саяси науқанда бақ сынаған 9 партияның бірі алғашқы тур нәтижелерін жоққа шығарып, жалған дауыс иелерінің болғанын алға тартты. Енді оның анық-қанығын елдің жоғарғы соты шешеді.