Қытайдың Хубэй провинциясында лай көшкіні болды
Қытайдың орталығында сел жүріп, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көлемі 500 мың текше метрден асатын лай көшкіні Хубэй провинциясындағы құрылыс алаңына ағып түсті. Үйінділердің астынан 5 адам құтқарылды. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 7 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.