Канар аралдарында 300 мигрант жоғалды
Канар аралдарында мигранттар мінген 3 қайық жоғалып кетті.
Бортта 300-дей босқын болғаны анықталды. Олардың көбі Сенегал тумасы. Мигранттардың жоғалғанына 2 аптадан астам уақыт өткен. Қазір хабар-ошарсыз кеткендердің туыстары дабыл қағып, көмек сұрап жатыр. Канар аралдары арқылы өтетін бағыт - Испанияға жететін ең қысқа жол. Африка жұрты Еуропаға бару үшін дәл осы жолды таңдайды. Бірақ мамандар Атлант мұхиты арқылы жүретін бағыт ең қауіпті болып есептеледі дейді.