Түркияда сел жүрді
Түркияның Қаратеңіз аймағында толассыз жауған жауын салдарынан сел жүрді.
Бірнеше провинцияда көшкін болды. Самсунда ағаш жинауға шыққан әйел су тасқынынан қаза тапты. Ардаханда найзағай соққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Елде қауіптіліктің сары-қызыл деңгейі жарияланды. Бірнеше қалада қатты жаңбыр тоқтамай тұр. Трабзон губернаторлығы су тасқыны қаупі бар екенін ескертті. Жергілікті әкімшілік Қаратеңіз өңірі тұрғындарын сыртқа шықпауға шақырды.