Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың Нью-Йорк штатын су басты.
Солтүстіктегі Ориндж округінде адамдар тізеден келетін су кешіп жүр. Күн райының қолайсыздығынан ондаған үй мен бірнеше көлік бүлінді. Инфрақұрылым бұзылып, күре жолдар су астында қалды. Штатта төтенше жағдай жарияланды. Ұлттық метеорология қызметі Ориндж, Патнэм және Рокленд округінің тұрғындарына алыс жолға шықпауға, сақ болуға шақырды. Егер қауіп күшейсе, жергілікті тұрғындар түгел эвакуацияланады. Қазір Нью-Йорк штатында құтқару және қалпына келтіру қызметі жұмыс істеп жатыр.