Ливан өз электромобилін шығарды

Ливанда алғаш рет күн батареясы арқылы жүретін электромобиль шығарылды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл елдің көлік өндірістіндегі ең үлкен жаңалық болып отыр. Экономика және сауда министірлігі бұл көліктер ауаның ластануын азайтып, ел экономикасына жақсы қолдау болады деп мәлімдеді. Автокөліктің ерекшелігі – ол күн сәулесімен өздігінен қуаттанады. Электромобилдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетеді.