АҚШ-та «су перісі» теңіз түбінде өнер көрсетті
АҚШ-та ерекше фестиваль өтті.
Су астындағы музыкалық шоуды көруге жүздеген адам жиналды. Қойылым Флорида-Кис атты теңіз қорығында өткен. Шараның негізгі мақсаты маржан рифтерін сақтауға шақыру. Музыка дыбысы теңізде су өткізбейтін аппараттар арқылы шығады. Қатысушылар теңіз тіршілігімен танысып, түрлі балықтармен бірге жүзді. Қойылым кезінде жиналған жұртқа әлемдегі маржан рифтерінің қоршаған ортаға әсері жайлы ақпарат берілді. Халық оларды алуан түрлілігіне байланысты теңіз тропикалық ормандары деп атайды.