Қытайда біреу балабақшада алты адамды мерт қылды
Қытайда жантүршігерлік оқиға.
Елдің Гуандун провинциясында бәзбіреу балабақшаға шабуыл жасап, 6 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың екеуі бала. Мұндай зұлым әрекетке барған 25 жастағы ер адам қамауға алынды. Қазір оны қылмысқа не итермелегені анықталуда. Қайғылы оқиға таңғы сағат 8 шамасында болған. Сарапшылар жалпы "Қытайда бұрын қылмыстық және зорлық-зомбылық оқиғалары көп тіркелмейтін" дейді. Бірақ соңғы жылдары білім ордаларында, мектепке дейінгі тәрбие орындарында мұндай жағдайлар жиі кездесетін болған.