Екатеринбургте «Иннопром» көрмесі өтіп жатыр. LIVE
Дәл қазір қазақстандық 250-ден астам компания Екатеринбургтегі "Иннопром" халықаралық көрмесінде өз экспозицияларын көрсетуде.
Оған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та қатысып жатыр. Ол көрмені Ресей мен Беларусь премьер-министрлерімен бірге тамашалауда. Кейінірек олардың қатысуымен Конгресс орталығында сессия өтеді. Шараға Ресейдің 35-тен астам елі мен, 25 аймағының делегациясы қатыспақ. Толығырақ әріптесім Анел Еділқызынан сұрап білсек. Әнел сөз кезегі өзіңізде, халықаралық көрме қалай өтіп жатыр?
Әнел Еділқызы, тілші:
- Бүгін Екатеринбург қаласында халықаралық көрменің бірінші күні өтіп жатыр. Басты тақырып “Тұрақты өндіріс: жаңарту стратегиялары». Ауқымды шара өнеркәсіп өкілдері үшін сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, жаңа нарықтарды ашып, серіктестерді табуға бағытталған. Мұнда отыз бес елдің сауда-өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көлік машина жасау, қалаларға арналған технологиялар саласындағы жобалар ұсынылды. Өз экспозияларын 250-ден астам қазақстандық компания да ұсынды. Мәселен елде құрастырылған медициналық жабдықтар мен автобусты қуаттандыну бекеттері қойылған. Жалпы, бұл көрме 13-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл оған 40 мыңнан аса адам қатысып жатыр. Көрме алдағы 3 күн бойы жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама бойынша 100-ден астам іс-шара өткізілмек. Қазір үкімет басшыларының қатысуымен сессия өтеді. Бұл туралы мен алдағы уағытта толығырақ тарқатып айтамын.