Екатеринбургте «Иннопром - 2023» халықаралық көрмесі өтіп жатыр
Қазақстандық 250-ден астам компания Екатеринбургтегі «Иннопром» халықаралық көрмесіне қатысып жатыр.
Олар көпшілік назарына медициналық жабдықтардан бастап, қуаттау құралдарына дейін ұсынған. Шараға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та барды. Ол көрмені Ресей мен Беларусь Премьер-министрлерімен бірге тамашалады. Дәл қазір тараптар Конгресс орталығындағы сессияға қатысуда. Оған 35-тен астам мемлекет пен Ресейдің 25 аймағынан делегация келді.