Олимпиада 2024: Париждіктер құрылыс жұмыстарынан әбігерге түсті

Олимпиада 2024: Париждіктер құрылыс жұмыстарынан әбігерге түсті

Парижде құрылыс жұмыстары көбейіп, тұрғындар әбден әбігерге түсті.

Олимпиадалық ойындар қарсаңында шаһарда 1700-ге жуық жоба іске қосылып, жазда жүздеген нысан бой көтермек. Бұған қала қонақтары мен тұрғындар наразы. Себебі елде жүріп тұру қиындады, жолдар жабылып, адамдар күні бойы көлік кептелісінде тұруға мәжбүр. Жергілікті билік бұл жобалар климаттың өзгеруіне және қоршаған ортаны ластауды азайту мақсатында жасалып отыр дейді. Ал тұрғындар шаһарда жағдай ушығады деп алаңдайды. Парижді көруді аңсап келген туристер де мәз емес. Жаңа жобалардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 180 млн еуро бөлініпті.