Еуропада желден қуат өндіру көрсеткіші төмендеп барады
Ай басынан бері, баламалы ресурстан алынған энергия көлемі 15-20 пайызға дейін азайып қалған.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр жел электр станциялары кәрі құрлыққа қажет энергияның, бестен бірін өндірген. Жалпы, Еуропада өндірілген жел энергиясының көлемі, газды тұтыну мен оның биржадағы бағасына, тікелей әсер етеді. Мәселен, өткен аптада көгілдір отынның құны 3 пайызға қымбаттады.