Израильде сот реформасына қарсы ереуіл күшейді
Израильде мыңдаған адам сот реформасына қарсы тағы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халық Кнессет ғимаратының алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірді. Дәл осы жерде парламент жоғарғы сот құзіретін шектеуге қатысты дауыс беру процесін өткізген болатын. Күні кеше Тель-Авивтің 180 мың тұрғыны да көшеге шықты. Наразы жұрт Бенурион халықаралық әуежайының жұмысына кедергі келтіріп, бірнеше рейс кейінге шегерілді. Тұрғындар ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың сот жүйесіне қатысты енгізген өзгерістерге қарсы. Тұрғындар бұны мемлекет демократиясына нұқсан келтіреді дейді.