НАТО: Түркия Швеция өтінімін қолдады
Түркия Швецияның НАТО-ға мүшелігін қолдауға келісті.
Бұл туралы одақ мүшелерінің Вильнюстегі саммитінде Солтүстік альянстың Бас хатшысы Йенс Столтенберг хабарлады. Өз кезегінде Швеция билігі Түркияда террористік деп танылған ұйымдарға қолдау көрсетуді тоқтатады. Сондай-ақ Стокгольм Анқараның Еуроодаққа интеграциялану процесіне қолдау көрсететін болады.
Естеріңізде болса, Швеция 2022 жылы НАТО-ға мүшелікке өтініш берген еді. Бірақ Түркия елдің альянсқа кіруіне рұқсат бермеді. Швецияның күрдтерді қолдауы және елде құранды өртеу оқиғалары жағдайды ушықтырып, келіссөздерге кедергі келтірген еді.
Ульф Кристерссон, Швеция премьер-министрі:
- Мен өте қуаныштымын. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг, үшеуіміз қол алысып кеттік. Швеция үшін өте жақсы күн болды.